1 қазаннан бастап Павлодарда жылу беру маусымы басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесінің сектор бөлімінің жетекшісі Алмаз Мусинов мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта облыс орталығында жылу беру маусымына 95 пайыз тұрғын үй дайын.
Әлеуметтік нысандар – балабақша, аурухана, мектептерге олардың басшылығынан тапсырыс түскен кезде жылу берілетін болады.