Қазақстандық экологиялық заңнама «Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағында қыркүйек айының соңына қарай күшіне енеді.
Атырау қаласында екі мемлекеттің басшыларының қатысуымен өтетін XI шекаралық серіктестік форумында Қазақстан мен Ресей үкіметаралық келісмге қол қояды, деп күтілуде.
Бұл туралы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді.
«Екі ел арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін ғарыш айлағы аумағында қазір жұмыс істемей тұрған заңнама күшіне енетін болады», - деді комитет төрағасының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.