Астаналық құтқарушылар БАҚ қатысуымен рейд өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық құтқарушылар БАҚ қатысуымен рейд өткізді

17.09.2014
Астаналық құтқарушылар БАҚ қатысуымен рейд өткізді

Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ғимараттарға өту жолдарын ұстау және ұйымдастыру тақырыбында рейдтік іс-шара өткізді.

Бұл туралы Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шара өту жолдарын пайдалану мәселелеріне назар аудару мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде өткізілген рейдке өрт техникасы жұмылдырылды.

Өз кезегінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайларын жою үшін аудан әкімдігімен бірлесіп өткізілген жұмыс нәтижесінде өрт техникасының өтуіне кедергі тудыратын 47 қондырғы алынып тасталды.

Тұрғындарға көліктерді ғимараттар мен құрылыстарға өту жолдарының үстіне қоймауға шақыратын жадынамалар таратылуда.

Хабарламаларға жазылу