«Калмэджи» тайфунына байланысты ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі «жедел желі» ашты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның консулдық қызметінің өкілдері Қытай аудандарында тайфуннан зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматтары бар-жоғын анықтауда.
«Жедел желі» арқылы азаматтар Қытайдағы туыстарының жағдайын біле алады. Желінің телефон нөмірлері: +86-137-1850-4917 (Бейжің), +85-259-647-112 (Гонконг).
«Калмэджи» тайфуны Хайнань провинциясының жағалауына жетті. Дауылды жел мен күшті нөсер секундына 40 метр жылдамдықпен аралдың солтүстік-батыс бөлігіндегі аймақтарды қиратуда.
Дауылға байланысты Хайнань провинциясының Хайкоу қаласындағы «Мэйлань» халықаралық әуежайында 100-ден астам рейс, Санья қаласындағы «Фэнхуан» әуежайында 60-тан астам рейс тоқтатылды.
Сондай-ақ, қауіпті аймақтардағы мектептер, мекемелер мен банктер жабылды.
«Калмэджи» тайфуны толассыз жауын-шашын мен жел жылдамдығы жағынан ағымдағы жылғы шілдеде Қытайда 60 адамның өмірін қиған «Раммасун» тайфунымен салыстырылуда.
ҚазАқпарат