Көкшетау қаласында балалар алаңы, автотұрақ, көпқабатты үйлердің аулаларына бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды. strategy2050.
Бұл туралы «Қауіпсіз аула» бағдарламасы туралы өткен жиында мәлім болды. Шараға пәтер иелерінің кооперативі басшылары, жеке кәсіпкерлер мен әкімдік өкілдері, учаскелік инспекторлар қатысты.
Айта кетейік, «Қауіпсіз аула» бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 34 миллион теңге бөлінді. Бағдарламаның басты мақсаты - әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдай жасау, облыс орталығының тұрғын үй алаңдарында олқылықты болдырмау, халықтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету.