Біріккен «Альянс», «Темірбанк» және Fortebank «Forte bank» атауына ие болады.
«Forte» БТА-ның еншілес банкі ретінде танылған «Темірбанкты» қаржылық нарықта дамытуды 2008 жылдан бастады.
Ал, оны сатып алу туралы келісімді «ForteBank» АҚ акционері Болат Өтемұратов пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2013 жылдың қазан айында жүргізе бастаған болатын.
2014 жылдың сәуір айында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов үш банктің бірігуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Алдағы уақытта банктердің атауы туралы мәселеге арналған баспасөз конференциясы өтетін болады.