Қазақстанда терең теңіз кен орындарын бұрғылау үшін өзі көтерілетін бұрғылау құрылғысы орнатылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп жазады Үкіметтің ресми сайты.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының арқасында қазақстандық кеме жасайтын зауыттарда «Caspian Explorer» теңіз операцияларына арналған бұрғылау қондырғысы салынды. Сондай-ақ таяу уақытта суға терең теңіз кен орындарын бұрғылауға өзі көтерілетін бұрғы қондырғысы жіберіледі», - деді Ұ.Қарабалин.