2015 жылдың бірінші маусымында рұқсат қағаздарын тағы 50 пайызға қысқартуды қарастыратын заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz
«2015 жылдың бірінші маусымында рұқсат қағаздарын тағы 50 пайызға қысқартуды қарастыратын заң жобасы әзірленеді. Сонымен қатар, бүгін Үкіметте құрылысқа рұқсат беруді қысқарту мәселесі қаралды», - дейді вице-министр.
Оның айтуынша, Үкімет рұқсаттама санын қысқарту мен азайту жұмыстарын жалғастыра түспек. Жыл соңына дейін «Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы» заң жобасы әзірленбек. Тиісінше, осы ұйымдар құрылатын салаларда қосымша тағы да рұқсаттар қысқартылатын болады.