Атырауда бүгіннен бастап, 5 күнге табиғи газбен қамту тоқтатылады.
«ҚазТрансАймақ» Атырау өндірістік филиалының мәліметінше, жоспарлы жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі 16-19 қыркүйекте қаланың сол жағалауына жүргізіледі.
Оң жағалауға жөндеу жұмыстары 20-24 қыркүйекте жүргізілмек.
Табиғи газ берудің тоқтатылуы қалада нанның жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды «Мой город» порталы. Себебі, мұндағы 17 наубайхананың барлығы газбен жұмыс істейді.