Ішкі істер министрлігі Отбасы күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі Отбасы күнін атап өтті

15.09.2014
Ішкі істер министрлігі Отбасы күнін атап өтті

Астана қаласында «Тай-төбе» демалыс орнында Отбасы күні мерекесіне байланысты ҚР ІІМ жеке құрамы мен олардың жанұяларына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.   

Іс-шараның ашылуында министрліктің Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев, сонымен қатар ІІО мен ҚР Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Берік Сүлейменов сөз сөйледі.

Сол күні демалыс орны аумағында отбасылық спорттық ойындар, жарыстар, ішкі істер органдары қызметкерлері балаларының қатысуымен концерт, балық аулау, сурет салу мен жағажай волейболынан байқаулар өтті.

Барлық жеңімпаз бен жүлдегер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Хабарламаларға жазылу