Қазақстанның 9 университеті әлемдегі ең үздік Жоғары оқу орындарының қатарына енді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
«Бүгінде QS рейтингісі бойынша біздің бір жоғары оқу орнымыз ТОР-300 тізіміне кіреді. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ал ТОР-400-ге Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті енеді», - деді Тахир Балықбаев.
Оның айтуынша, тағы 7 қазақстандық университет ТОР-800-ге тұрақтап отыр.
Вице-министрдің айтуынша, 2010 жылы Болон процесіне қол қойылып, Қазақстанда бірқатар ұстанымдар енгізілген болатын.