Астаналықтардың әл-ауқаты артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтардың әл-ауқаты артуда

15.09.2014
Астаналықтардың әл-ауқаты артуда

Адамның тыныс-тіршілігіндегі табыстың рөлі тұтынудың деңгейі мен құрылымы осы табыстың мөлшеріне (көлеміне) байланысты болуымен айқындалады.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2014 жылғы шілдеде елордадағы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 122286 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы шілдеге қарағанда 17,4% жоғары, аталған кезеңде нақты ақшалай табыстар 8,9% көтерілді.

Бұл ретте халықтың атаулы табыстар индексі 2014 жылғы шілде айында 117,4 пайызды, ал нақты ақшалай табыстар индексі 108,9 пайызды құрады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

 

Хабарламаларға жазылу