Светлана Есболайқызы Мусина 1943 жылы 22 қазанда Ақтөбе облысы, Алға ауданында дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын мемлекеттік «Қазақстан» баспасында редакторлықтан бастаған. Республика Жоғарғы кеңесінде, Қазақ радиосында көп жылдар редактор, аудармашы қызметін атқарған. Қазақ радиосының қалыптасып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан.
Ол 1978 жылдан КСРО журналистер Одағаның мүшесі, сондай-ақ, «Мұса әулеті», «Родный очаг» өмірбаяндық кітаптың және «Ана арманы», «Сыр», «Сағыныш», «Ностальгия» атты әңгімелер жинағының авторы.
Ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін С.Е.Мусина үкіметтік грамоталар мен медальдармен марапатталған.
«Қазақстан» РТРК АҚ ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.