Астана маңындағы Қабанбай батыр ауылындағы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі мәресіне жетті. Бас жүлдені Бақторы атты тұлпарды тізгіндеген Қарағанды облысының шабандозы Мейірхан Жолдасұлы жеңіп алды. Оның бапкері – Жолдыбай Кенжегұлов. Екінші орынды оңтүстікқазақстандық Ж. Сүлейменқұлов иеленді. Үшінші орын Қарағанды облысының тағы бір өкілі Еркебұлан Ермағанбетовке бұйырды.
1-орын: Мейірхан Жолдасұлы (Қарағанды облысы).
2-орын: Жеңіс Сүлейменқұлов (Оңтүстік Қазақстан облысы).
3-орын: Еркебұлан Ермағанбетов (Қарағанды облысы).
4-орын: Азамат Айтжанов (Жамбыл облысы).
5-орын: Әлібек Жұмабеков (Алматы облысы).
6-орын: Ермек Қасен (Алматы облысы).
7-орын: Асхат Мұратхан (Оңтүстік Қазақстан облысы).
8-орын: Айдар Жайдар (Жамбыл облысы).
9-орын: Наурыз Қайырғалиев (Ақтөбе облысы).