Қабанбай ауылында «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабанбай ауылында «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі басталды

14.09.2014
Қабанбай ауылында «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі басталды

Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Қабанбай елді мекенінде «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі басталды.

Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан әрқайсысы 10 аттан, барлығы 160 тұлпар қатыстырылады. Бас жүлде - 10 миллион теңге.

Мәреге алғашқыдан кейін тағы жеткен 9 тұлпарға да жүлде бұйырады. Жарыс жеңімпаздары «Құлагер», «Байшұбар», «Қубас», «Қарақасқа», «Ақтабан», «Боз ауыз», «Тайбурыл,» «Көкбурыл», «Шалқасқа», «Тарлан ат» номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Осы шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалды. Жарысқа Алматы облысының атақты сыншысы Нәркен ата да келген.

Хабарламаларға жазылу