Семейде ағайынды суретшілердің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде ағайынды суретшілердің көрмесі ашылды

13.09.2014
Семейде ағайынды суретшілердің көрмесі ашылды

Семейдегі Невзоров отбасылары атындағы облыстық сурет өнері мұражайында Ресей мен Қазақстанның ағайынды суретшілерінің алғашқы бірлескен көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі түрлі суретшілер мектебінің өкілдері туындыларын бір экспозицияға алғаш рет біріктірген.

«Параллельдер» деп аталатын көрмеде екі немере ағайынды - Барнаулдан келген Сергей Боженко мен қазақстандық скульптор Александр Осиповтың 60 көркем және графикалық туындылары ұсынылған. Сергей Боженко - Барнаулдың бас сәулетшісі, жазушы.

Александр Осипов - суретші, дизайнер, ҚР Суретшілер академиясының тілші мүшесі, беделді шетел көрмелерінің қатысушысы.

 «Паралелльдер» экспозициясы қалада бір ай уақыт жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу