Нанкин Олимпиадасының жеңімпаздары 25 мың АҚШ доллардан сыйақы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин Олимпиадасының жеңімпаздары 25 мың АҚШ доллардан сыйақы алды

13.09.2014
Нанкин Олимпиадасының жеңімпаздары 25 мың АҚШ доллардан сыйақы алды

Астанада Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының спорт түрлері бойынша Нанкинде (Қытай) өткен  II Жазғы Жасөспірімдер Олимпиялық ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңімпаздарға конфедерация құрған жекеменшік компаниялар қайырымдылығы есебінен ақшалай сыйлықты табыстау рәсімі өтті. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының күрес түрлері бойынша ІІ Жазғы Жасөспірімдер ойындарында алтын медаль иеленген спортшыларға 25 мың АҚШ доллары берілді. Күміс медаль иегеріне 15 мың доллар бұйырса, қола жүлдегерлер 10 мың долларды иеленді. 

Жас қазақстандық спортшылардан басқа ақшалай сыйлықты ҚР ҰҚК аға бапкерлері, жеке бапкерлер, құрама командалар мамандары алды.

Рәсімге конфедерация, федерация, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі қазақстандық спортшылар  Арман Чилманов пен Нұржан Қатаев қатысты.

Хабарламаларға жазылу