Астық қабылдау пункті - «ТНС-Экспорт» ЖШС өндірісін облыс әкімі Ерік Сұлтанов іске қосты.
«Кәсіпорын бәсекеге қабілетті, барлық заманауи талапқа сай жарақтандырылды. Бұл астықты өңдеу және сақтау сапасын жақсартуға жол ашады», - деді СҚО әкімі.
Элеватордың құрылысына 8,7 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Сағатына 600 тонна астық қабылдай алады. Жалпы қуаттылығы - 120 мың тонна.
«Құрылыста жаңа инновациялық технологияларды қолдандық. Барлық нысанның үстінде Күн сәулесінің батареялары орнатылған», - деді «ХПП ТНС-Экспорт» ЖШС бас директоры Қуат Қасен.
Элеватордың іске қосылуымен өңірде 96 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.