Халық әні «Секіртпенің» тарихына байланысты түрлі пікір бар. Мамандардың бір бөлігі: «Бұл ән – жас жігіттің қызға арнаған әні», десе, енді біреуі: «қыз бала өзінің халқына еркелеп өсіп келе жатқанын әнімен және музыканың ырғағымен білдіріп отыр», деген пікір айтады.
Абдулхамит Райымбергеновтің «Секіртпе» деген күйі де бар. Ән мен күйдің арасында қандай да бір байланыс бар ма?
Жалпы, әннің шығу тарихы туралы не білеміз? «Секіртпе» әні кімдікі? «Секіртпе» атауы қалай шыққан? Бүгін 13.30-да «Телқоңырды» көрейік.