Астанада фин мамандарының қатысуымен семинар өтеді

12.09.2014
Астанада фин мамандарының қатысуымен семинар өтеді

15-16 қыркүйек күндері Астанада «Техникалық және кәсіби білім беру сапасы және инновациялы білім беру бағдарламалары» атты тақырыпта семинар өтеді.

Екі күнге созылатын семинардың алғашқы күнінде «Сапаны басқару саясаты мен стратегиясы», ал екінші күні «Кәсіби білім берудегі оқытушылар мен жұмыс күшінің сапасы» тақырыптары талқыланады.

Семинарға ҚР БҒМ Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіби білімді модернизациялау департаментінің директоры Сабыржан Мәдеев, Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илькка Райсанен, Парламент мүшесі және Ұлттық білім беру палатасының төрағасы Айла Палониеми, «РҒӘО» АҚ Бас директоры Олжас Құспеков, Финляндиядағы JAMK/HAMK қолданбалы ғылымдар университетінің қызметкерлері және басқа да мемлекеттік органдар, жұмыс беруші компаниялар өкілдері мен еліміздің өңірлеріндегі колледждер директорлары қатысады.

Хабарламаларға жазылу