2015 жылға қарай оңтүстік өңірлер Ақтөбеден газ ала бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылға қарай оңтүстік өңірлер Ақтөбеден газ ала бастайды

12.09.2014
2015 жылға қарай оңтүстік өңірлер Ақтөбеден газ ала бастайды

2015 жылға қарай Қазақстанның оңтүстік өңірлері Ақтөбе облысынан газ ала бастайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде өңірде 16 компания кен орындарын игерумен айналысып жатыр. Олардың ішінде ең ірісі - «CNPC Ақтөбемұнайгаз» компаниясы. Ағымдағы жылы компания үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтады.

«Оның құны 118 миллиард теңгені құрап, қаражат толық игерілді. Ал жобаға келсек, ағымдағы жылы оның қуаты 10 пайызға, ал келесі жылы 2 есеге артып, жылына 6 миллиард  текшеметр газды құрамақ. Осылайша, тауарлы газ еліміздің оңтүстік өңірлеріне сатылады», - деді А.Мұхамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, «CNPC Ақтөбемұнайгаз» компаниясы электр энергиясын өндіру көздерін кеңейтуді көздейді. Бұдан бөлек, 150 миллион долларды құрайтын, қуаттылығы 160 МВт газтрубиналық электростанция құрылысы аяқталған.

Хабарламаларға жазылу