Архимед Мұхамбетов: Ақтөбе облысында жалпы өнім 45 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Архимед Мұхамбетов: Ақтөбе облысында жалпы өнім 45 пайызға өсті

12.09.2014
Архимед Мұхамбетов: Ақтөбе облысында жалпы өнім 45 пайызға өсті

Ақтөбе облысында тұрғындардың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі соңғы үш жылда 45 пайызға өсіп отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, былтыр облыста өңірлік жалпы өнім 4,6 пайызға өскен. Соның ішінде бұл 2010 жылмен салыстырғанда, 1 триллион 173 миллиард теңгеден 1 триллион 760 теңгеге дейін жеткен.

«Өңір тұрғындарының жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі соңғы үш жылда 45 пайызға өсті. Мұның негізгі үлесі өнеркәсіп өндірісі және бұл есепті кезеңде 1,4 есеге артып, бүгінгі күні 1 триллион 300 миллиард теңгеге жетті», - дейді А.Мұхамбетов.

Облыс басшысының айтуынша, ағымдағы жылы Ақтөбе облысына оңайға соққан жоқ. Бұл ретте бірқатар елдің санкциясы аясында экономикаға әсерлердің болатынын атап өткен әкім, бұған қатысты алдын алу бойынша ықпал ететін шаралардың барлығы қабылданып жатқанын айтты.

«Бизнес облыс экономикасын одан әрі дамытуда. Ашылып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тырысамыз», - деді А.Мұхамбетов.

Хабарламаларға жазылу