Павлодарлық тұрғындар Омбыдағы қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін меңгеруіне жәрдемдеспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық тұрғындар Омбыдағы қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін меңгеруіне жәрдемдеспек

12.09.2014
Павлодарлық тұрғындар Омбыдағы қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін меңгеруіне жәрдемдеспек

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев 11 қыркүйекте Омбы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы қазақ диаспорасының ана тілін меңгерулеріне павлодарлықтардың көмек тигізе алатынын атап өтті.

«Бүгінде Омбыда 83 мыңнан астам қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Оның 20 мыңы - балалар. Жастардың туған тілін меңгеруіне, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысуына жәрдемдескіміз келеді. Әр қазақ туған тілін біліп, бабалар тарихынан хабардар болуы тиіс. Бұл бағытта біз оқулықтармен, әдістемелік құралдармен қолдау көрсете аламыз», - деді Қанат Бозымбаев.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу