Сағынайдың асының аумағы 43 шақырымды құраған – Бекболат Тілеухан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағынайдың асының аумағы 43 шақырымды құраған – Бекболат Тілеухан

12.09.2014
Сағынайдың асының аумағы 43 шақырымды құраған – Бекболат Тілеухан

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасына келіп, 14-ші қыркүйек күні болатын аламан бәйге туралы айтып берді.

«Қазақта «ат шаба ма, бақ шаба ма, бап шаба ма», дейді. Бірақ өкінішке қарай, ақша шауып тұр. Олай дейтінім – текті аттарды Польшадан, қасымыздағы Ресейден алып келеді.

Сол жылқыларды аздап жөнге келтіріп жарысқа шығарады, олар 3-4 рет шапқан соң аяғы сынып, жарамсыз күйге түседі. Осының салдарынна қазақтың байырғы жорға аттарының беделі түсіп, күні өтіп барады.

«Баяғыда Сағынайдың асының аумағы 43 шақырым болған. Сондықтан, алман бәйге 43 шақырымды құрайды», - дейді Бекболат Тілеухан.

Аламан бәйгеге «Самұрық-қазына» АҚ  демеушілік жасап отыр. Ұлттық арна мен «KAZsport» арнасы эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу