«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдері елімізге Франциядан арнайы келген делегациямен кездесу өткізді. Делегация құрамында Франция Сенатының депутаттары және Францияның Қазақстандағы елшісі Ф.Етьен болды, деп хабарлайды «Астана EXPO -2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Француз тарапы Астанадағы көрмеге қатысатынын және қазіргі таңда көрме жұмысына қатысу мәселелері талқыланып жатқанын жеткізді. Оның нақты қорытындысы осы жылдың 5-желтоқсанына жоспарланған Франция президентінің Қазақстанға сапары кезінде белгілі болмақ.
Сондай-ақ, сенаторлар 16-қазан күні Франция Сенатында Орталық Азия аймағына арналған арнайы шара өткізуді жоспарлап отырғанын, бұл EXPO-2017 көрмесін ілгерілетуге айтарлықтай көмек болатынын атап өтті.
Ұлттық компания тарапынан басқарма төрағасының орынбасары Т.Кососки мәртебелі меймандарды «Астана EXPO-2017» көрмесі жұмысымен жан-жақты таныстырды. Қонақтарға көрме кешенінің слайд-макеті көрсетілді.
Шара Астанада өтетін EXPO-2017халықаралық мамандандырылған көрмесін сәтті өткізу мақсатында жасалған кезекті қадам. Сондай-ақ, Қазақстан-Франция әріптестік байланыстарын одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз.