Елордада биыл 672 жас отбасы баспаналы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада биыл 672 жас отбасы баспаналы болады

11.09.2014
Елордада биыл  672 жас отбасы баспаналы болады

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша жас отбасыларды іріктеу аяқталды.  Тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарап, тұрғын үй алуға үміткерлер ретінде 672 жас отбасын таңдады. Қазан айында жас отбасыларға 158 үш бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 134 бір бөлмелі пәтер үлестіріледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үйді үлестірудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында жас отбасылар тізімі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, Астана қаласы әкімдігінің және Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының интернет-сайттарында жарияланды.

Іріктеуге қатысушылардың өтініштерінде көрсетілген пәтерлердің үлгісіне сай келетін тұрғын үй санына сәйкес қатысушылар балдарының жоғарылығы бойынша жүргізілді. 

Тізімге енгізілген бағдарлама қатысушыларына Тұрғын үй басқармасының шақыруымен Тұрғын үй құрылыс банкісіне төлем қабілеттілігін бағалауға жолдамалар берілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар жолдаманы алған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Тұрғын үй басқармасына Тұрғын үй құрылыс банкі берген төлем қабілеттілігін бағалау туралы хабарламаны ұсынуға тиіс.

2014 жылы бағдарламаға қатысқан 5 078 жас отбасы Астана қаласында кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ, балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасылар.

Хабарламаларға жазылу