Интернеттегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернеттегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады?

11.09.2014
Интернеттегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады?

Көпшілік ғаламторды бассаң ізің қалмайтын, қараңғы бөлме сияқты деп ойлайды. Алайда, бұл – қате пікір. Іздеу жүйесі мен өзіңіз жүргізетін блогтан бастап, интернеттегі кез-келген сайт сіздің жазған жазбаларыңызды сары майдай сақтайды.

Өзіңізге, дос-жарандарыңызға қатысты ақпарат та интернетте сақталады.  Ал осы интернеттің тілін тауып, теріс мақсатта пайдаланатын алаяқтарға қандай жаза қолданылады? Интернеттегі алаяқтық қылмыс үшін адамның сотталуы мүмкін бе?

Заңгер Қанат Рыскелдіұлының айтуынша, «алаяқтық, бөтен мүлікті ұрлау немесе алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алу ҚР Қылмыстық Кодексінің 177-бабына сәйкес, 3 жыл мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу