Ұлыбританияда шоколадтан шәйнек жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда шоколадтан шәйнек жасады

11.09.2014
Ұлыбританияда шоколадтан шәйнек жасады

Йорк қаласының тұрғыны кондитер Джон Костелло тұтас шоколадтан тұратын шәйнек жасап шығарды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Шәйнекте бірнеше минуттай шай бұқтыруға да болады. Ондағы сусыннан шоколадтың дәмі сезіледі. 65 пайыз какао бұршағынан тұратын шоколадтан жасалған шәйнекті дайындауға екі жарым сағат жұмсалған.

Костелло бұл шәйнекті жасау туралы ой келгенде, шоколадтың дәмі қатты білінеді деп ойлағанын айтады. Алайда, ол ыдыс дайын болып, онда шай бұқтырылған кезде шоколад сәл ериді, алайда сумен араласпайтынын байқаған.

Фото: 365info.kz

Хабарламаларға жазылу