Алматы облысындағы Қызылағаш бөгеті қалпына келтіріледі. Жетісу өлкесінің инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған мәжілісте өңір басшысы Амандық Баталов осылай деді.
Кездесуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен бизнес өкілдері қатысты.
«2010 жылғы 11 наурызда тасқын су салдарынан Қызылағаш бөгеті бұзылды. Ол қант қызылшасын өсіруге арналған. Халық қызылша еккісі келеді, бұл мақсатқа ауқымды субсидия бөлінеді. Фермерлерге қолдау қажет. Бөгетті қалпына келтіріп, егістікті сурамалы сумен қамтамасыз ету қажет», - деді А.Баталов.
Бөгетті қалпына келтіруде Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау көрсетпек.
Қазір Алматы облысында 126 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер бар. Олардың 49 мың гектары - сурамалы.
ҚазАқпарат