Боксшы Флойд Мэйвезер спорттық карьерасын 2015 жылдың қыркүйегінде аяқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшы Флойд Мэйвезер спорттық карьерасын 2015 жылдың қыркүйегінде аяқтайды

10.09.2014
Боксшы Флойд Мэйвезер спорттық карьерасын 2015 жылдың қыркүйегінде  аяқтайды

Кәсіпқой бокстан бес салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионы, америкалық  Флойд Мэйвезер спорттық карьерасын 2015 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне хабарлады.

«2015 жылдың мамыр және қыркүйек айында екі жекпе-жек өткіземін. Сәйкесінше, тура бір жылдан соң спорттық карьерамды аяқтаймын», - деді ол.

Боксшының сөзінше, ол әрі қарай Mayweather Promotions промоутерлік компаниясын дамытуды қолға алмақ.

Флойд Мэйвезер келесі жекпе-жегін 13 қыркүйекте өткізеді. Қарсыласы – аргентиналық боксшы Маркос Майдана.

 

Фото: © AP/Isaac Brekken

Хабарламаларға жазылу