Алматы саябағында дельфинарий құрылысы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы саябағында дельфинарий құрылысы басталады

10.09.2014
Алматы саябағында дельфинарий құрылысы басталады

Дельфинарий ескі автотұрақтың орнында бой көтеретін болады. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Айдын Рахымбетов баспасөз туры барысында мәлім етті.

«Қазір жоба инвесторлары қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Нысан бұрынғы автотұрақ орналасқан жерде бой көтереді. Бұл жерде жасыл желектер аз өскен. Сондықтан көп жұмысты талап етпейді», - деді Айдын Рахымбетов.

Сонымен қатар, оңтүстік астана қонақтары қала күніне орай Алматыдағы тұңғыш динопарктің ашылуына куә болады. Ойын-сауық нысаны бұрынғы «Родина» кинотеатрында ашылатын болады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу