Қазақстан – Латвия 0:0 есебімен тең түсті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – Латвия 0:0 есебімен тең түсті (ВИДЕО)

10.09.2014
Қазақстан – Латвия 0:0 есебімен тең түсті (ВИДЕО)

2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Латвия футболшылары 0:0 есебімен тең тарқасты.

Ойында 9 бұрыштама добын көтеріп, қақпаға қарай 9 рет соққы бағыттаған Қазақстан құрамасы есеп аша алмады.

Осылайша, Юрий Красножан шәкірттері «А» тобында Латвия құрамасы сияқты 1 ұпайға қол жеткізді.

«А» тобының қалған ойындары 00:45-те басталады. Қалған матчтарда Исландия Түркияны, ал Чехия Нидерланд футболшыларын қабылдайды.

Енді Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің келесі матчын 10 қазан күні Нидерландта өткізеді.

Фото: vesti.kz

Хабарламаларға жазылу