Қостанай облысында мемлекеттің қолдауының арқасында шағын кәсіпкерлер саны артып келеді.
Мысалы, бір ғана Таран ауданында биыл 25 адам өз кәсібін ашып отыр. Яғни, осынша адамға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 57 миллион теңге несие берілген.
Мұның сыртында тағы 4 өтініш қаралып жатыр. Егер бизнес жоспары талапқа сай келсе олардың да өз ісін бастауына мүмкіндік туады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК