«Шалқар» ұлттық арнасы жеке радио болып қайта құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» ұлттық арнасы жеке радио болып қайта құрылды

09.09.2014
«Шалқар»  ұлттық арнасы жеке радио болып қайта құрылды

Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі - редакция болып келген «Шалқар» радиоарнасы  жеке радио болып қайта құрылды.

Даналар сөзін, бабалар мұрасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат еткен ұлттық радио «Таңжарық», «Шабыт» радиотеатры, «Еменнің иір бұтағы», «Білімдіден шыққан сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Дәстүр», «Бесігіңді түзе» сынды бірнеше жаңа бағдарламамен  толықты.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған.

«Шалқар» ұлттық  радиосы - республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Радио  өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды. Ғаламтордағы  http://shalkarfm.kz жеке сайты арқылы әлемнің әр түкпірінен тыңдау мүмкіндігі бар.

Радио 2012 жылдан бері  Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығына»  хабар таратып келеді.

Хабарламаларға жазылу