Рамазан Стамғазиев: Спортшы болу арманым еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рамазан Стамғазиев: Спортшы болу арманым еді

09.09.2014
Рамазан Стамғазиев: Спортшы болу арманым еді

Рамазан Стамғазиевтің әндерін сүйіп тыңдайтын жұрт көп. Ал ол қандай әншілерді тыңдайды?

«Еліміздегі сахнаға шыққан әр әншінің өзіндік орны, стилі, жинақтап алған репертуары бар. Әрқайсысының айтып жүрген әндері қоғамға керек»,- дейді.

Салмақты мінез иесі бала кезінде «ұшқалақ та болдым, әліптің соңын күтпейтін едік. Қазір осы қалыпқа өмір өзі тәрбиелеп алып келді. Оның үстіне қазір  тек ән айтып, сахнада жүрген жоқпыз. Өзіміздің ұл-қызымыздан бөлек, шәкірте те тәрбелеп жүрген ұстазбыз. Сондықтан, ұстаз болғаннан кейін азды-көпті жеңіл дүниеден гөрі салиқали, салмақты болуға тырысамыз»,-дейді әнші.

«Өнерден бұрын спортшы боламын дейтінмін. Бала кезімде еркін күреспен айналыстым. Облыстық деңгейге шығып та жүрдік. Кейін өнерге бет бұрған соң, спорт екінші орынға шықты»,-дейді ол.

Ал әншінің жары, өзі де әнші Ұлту Қабаева неге көрінбей кетті?  «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу