9 қыркүйек күні Алматыда Орталық саябақтың абаттандырылуына байланысты БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары саябақ маңында осы уақытқа дейін қандай жұмыстар атқарылды, қандай мәселелер күн тәртібінде тұр деген сияқты сұрақтарға жауап беретін болады.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың қазан айынан бастап, Орталық саябақ муниципалді меншікке өтті.