«Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтеді

08.09.2014
«Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтеді

9 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде елдікке, бірлікке, ынтамаққа үндеген «Елім менің – Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтеді. 

Шара Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялау туралы Жарлығына орай  ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы  ҚазАТУ баспасөз  қызметі хабарлады.

Аталмыш шараға  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, Астана  қалалық маслихатының депутаты Ақылбек Күрішбаев,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері  қатысады.

Бағдарламада С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУда Қазақстан  халқы Ассамблеясы кафедрасының салтанатты ашылуы рәсімі болады және оннан астам  ұлыс өкілдерінің қатысуымен флеш-моб өтеді.

Хабарламаларға жазылу