Баян аспабында кез келген шығарманы ешбір дайындықсыз орындап бере алатын өнерпаз «Көктүріктер» ансамблінің мүшесі Серік Кенжебайұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Бала кезімде ән айтатын едім. Сосын Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатына оқуға түстім. Негізі домбырашы болғым келген. Алайда, мені солақайсың деп алмады, сосын баянға бардым.
Әр аспаптың өзіндік қиындығы болады. Бірақ, баян домбыраға қарағанда қиынырақ. Мұнда домбырада ойналатын күйлерді, оркестрде ойналатын туындыларды ойнауға да болады. Бұл бүкіл оркестр үшін ойналады»,- дейді өнерпаз.
Серік Кенжебайұлының өнерін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.