73 жастағы Оңтүстік Африка елінің кардиохирургі Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен ең егде адам атанды, деп хабарлайды Би-би-си.
Отто Тэнинганың айтуынша, басты қиындық су температурасының төмендігі болған. Ол 1994 жылы алғаш рет 40 шақырымдай қашықтықты жүзіп өткен еді.
Бұдан бұрынғы рекорд 70 жастағы австралиялық Сирил Белдокқа тиесілі болатын.