«Үйлесімділік пен жетістік қағидалары» атты семинар-тренинг өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үйлесімділік пен жетістік қағидалары» атты семинар-тренинг өтуде

06.09.2014
«Үйлесімділік пен жетістік қағидалары» атты семинар-тренинг өтуде

Астана қаласы, «Қазмедиа» орталығында «Үшінші мыңжылдықтың психологиясы» халықаралық білім беру жобасының авторы, ресейлік психолог Олег Гадецкийдің «Үйлесімділік пен жетістік қағидалары» атты семинар-тренингі өтуде.

Олег Гадецкий «Үздік психологиялық тәсілдер немесе сәтсіздіктен шығу жолдары», «Тағдыр заңдылықтары немесе сәттілік пен бақытқа жеткізер үш қадам» еңбектерінің авторы. 

2005 жылы Психология  мен  психикалық терапия жұлдыздарының VI Халықаралық фестивалі, 2008 жылы Батыс пен Шығыс психологиясының III Халықаралық фестивалінде үздік  психолог-тренер деп танылды.

Семинар 6-қыркүйекте 13.00-ден 19.00-ге дейін,  7-қыркүйек күні сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Хабарламаларға жазылу