Кендірлі курортында «Rixos Hotel» қонақүйлері салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кендірлі курортында «Rixos Hotel» қонақүйлері салынады

06.09.2014
Кендірлі курортында «Rixos Hotel» қонақүйлері салынады

«Rixos Hotels» түрік компаниясы Кендірлі курортында екі қонақүй (бес жұлдызды және төрт жұлдызды) салады. Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан «Каспий аймағында туризмді дамыту» І халықаралық форумында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Rixos Hotels» төрт және бес жұлдызды деңгейдегі 600 бөлмелі екі қонақүй салуды көздеп отыр. Техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Компанияға «Самұрық-Қазына» АҚ көмектесуде», - деп хабарлады форумда сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев атап өткендей, Кендірлі курортының инженерлік инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Хабарламаларға жазылу