Mail.Ru Group жақын күндері ірі әлеуметтік желілердің бірі – «ВКонтакте» желісінің қожайыны болуы мүмкін. «Ведомости» газетінің ақпаратынша, ресейлік интернет-концерн сайттың 48 пайызын сатып алу бағытында Илья Щербовичтің UCP қорымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазір Mail.Ru Group «ВКонтакте» желісінің 52 пайызына ие.
Келіссөздер қаржылық кезеңде жүріп жатыр. Келісім алдағы апталардың бірінде жасалуы мүмкін. Газеттің жазуынша, «ВКонтактенің» 48 пайызы 1,4 миллиард доллар болуы мүмкін.
Сондай-ақ, тағы бір нұсқа - UCP-дің 48 пайыздық үлесін Mail.Ru Group емес, оған жақын құрылымы сатып ала алады. Дәл осындай жолмен «ВКонтактенің» бас директоры Павел Дуровтың үлесі сатып алынған еді. Оның 12 пайызын «МегаФонның» жетекшісі Иван Таврин сатып алды. 3 айдан соң ол оны Усманов тобына 345 миллион долларға қайта сатып жіберді.
UCP «ВКонтакте» желісінің 48 пайызын 2013 жылдың сәуір айында сатып алған.