Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша X Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша X Әлем чемпионаты басталды

05.09.2014
Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша X Әлем чемпионаты басталды

Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша X Әлем чемпионаты басталды. Оған 15 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Сонымен қатар, тұңғыш рет әйелдер командалары арасында да жарыстар өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміз бұл чемпионатты өткізуге үш жыл көлемінде дайындалды. Енді үш күнге созылатын біріншілік төрт кезеңнен тұрады. Бұл жерде ойын тағдырын минуттар емес, секундтар шешеді. Өйткені, өрт сөндірушілердің басты мақсаты - төтенше жағдайға ұшыраған адамды қалайда аман алып қалу.

Бірінші жарыс - сатымен жоғары өрмелеу. Мұнда әйелдер командасы екіқабатты үйдің биіктігіндей биіктікке көтерілсе, ерлер командасы 4-ші қабатқа көтеріледі. Бұл жерде спортшылар барынша жылдамдық танытулары тиіс. Екінші сайыс -  түрлі кедергісі бар 100 метрлік қашықтықты барынша тез жүгіріп өту.

Үшінші жарыс - эстафета, яғни ерлер мен әйелдер командалары арасында 4x100 метрлік жарыс. Төртінші жарыс - өрт сөндіруге дайындық, яғни тиісті әдістермен өрт сөндіруге арналған сыйымдылықтарға су толтыру», - деді чемпионаттың бас төрешісінің техникалық мәселелері бойынша орынбасары Дәурен Данаев.

Хабарламаларға жазылу