Елбасы АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйна Рорабакер және Грегори Микспен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйна Рорабакер және Грегори Микспен кездесті

05.09.2014
Елбасы АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйна Рорабакер және Грегори Микспен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйна Рорабакер және Грегори Микспен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының стратегиялық сипаты, сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы атап өтілді. 

Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

АҚШ конгресмендері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атай отырып, екі елдің арасындағы өзара тиімді серіктестік бұдан әрі нығая береді, деп үміттенетіндіктерін  жеткізді.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу