Дүйсенғазы Нығметжанов – қапияда көз жанарынан айырылып қалса да, қазақтың жыр-дастанын оқудан қол үзбеген қария.
«Мен 20-дан астам жыр-дастан білемін. Кезінде профессорлық қорғау керек еді, қазір оның реті келмейді. Себебі, мен жаза алмаймын...»,- дейді ол.
Қазақтың құнды дүниелерін дәріптеу үшін брайль әліппесімен оқудың қыр-сырын үйренген зағип жан: «Қанша бейнет көрсең де, алға жүре бер, артқа барма. Бәріміз де пендеміз, шаршаймыз. Тіпті өмірден де түңілетін кездер болады. Бірақ, алдыңда жаңа мақсат тұрады», - дейді.
Жетпісті алқымдаған Дүйсенғазы Нығметжановтың өмірі туралы бүгін 17.00-де «Жан жылуы» хабарынан көріңіз.