«KAZsport» тұңғыш рет футбол мен хоккейді бір уақытта тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» тұңғыш рет футбол мен хоккейді бір уақытта тікелей эфирде көрсетеді

04.09.2014
«KAZsport» тұңғыш рет футбол мен хоккейді бір уақытта тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін футболдан Қазақстан мен Франция жастар құрамасы мен хоккейден астаналық «Барыс» пен уфалық «Салават Юлаев» командалары кездеседі. Бұл екі ойын бір уақытта өтеді. Сол себепті көрермен арасында қай кездесуді тікелей эфирде, қайсысының қайталауын көрсету керек екеніне байланысты пікірталас туындады.

Сондықтан «KAZsport» басшылығы хоккей және футбол жанкүйерлерінің пікірін ескере отырып, «кадр ішіндегі кадр» жүйесін пайдаланбақ.  

«Жанкүйерлер арасында «KAZsport» телеарнасы жастар құрамасының ойынын немесе «Барыстың» ойынын көрсетуге байланысты пікірталас туындаған еді. Сондықтан біз тұңғыш рет бір кадрды екінші кадрге қою арқылы көрсетілім жүргізіп көреміз. Мысалы, мұнадй әдіспен «Eurosport» телеарнасы жұмыс істейді.

Басында 19:00-де басталатын «Барыс» - «Салават Юлаев» кездесуі көрсетіле бастайды. Ал, 20:15-те футбол ойыны басталған кезде хоккей комментаторы футбол жүргізушісіне сөз береді. Осыдан кейін экран екіге бөлінеді. Басты экранда футбол, ал төменгі жақта орналасатын шағын терезеде хоккей көрсетіледі. Егер хоккей матчында маңызды бір оқиға болып, мысалы, гол соғылып жатса, комментатор оны көрерменге хабарлайды. Футбол ойынының үзілісі кезінде басты экраннан хоккей көрсетіледі. Үзіліс аяқталғаннан кейін қайта футбол матчы көрсетіледі.

Біздің телеарна бұл жүйені спорттық көрсетілімде алғаш рет пайдалануда. Осылайша біз футбол және хоккей сүйер қауымға бірдей көрсетілім жасауға тырысамыз», - дейді «KAZsport» телеарнасының басшысы Диас Ахметшәріп.

Хабарламаларға жазылу