2015 жылы Астана-Тбилиси бағытында тұрақты әуерейсі ашылады, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.
«Грузия елшілігінің мәліметінше, Қазақстан екі ел арасында инвестиция мен туризмді дамыту саласына баса назар аударуда. Грузияның Туризм ұлттық агенттігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдармен салыстырғанда 2013 жылы Қазақстаннан Грузияға барған туристердің саны 39 пайызға, 2014 жылдың 8 айында 45 пайызға арты», - делінген хабарламада.
2014 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енген Грузияның «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың қағидасы туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Грузиямен визасыз режим орнатылған (НАТО қатысушы елдер, Еуроодаққа қатысушы елдер, ТМД) елдердің азаматы халықаралық тәжірибеге сай визисыз 90 күн және 180 күн бойы бола алады.