5-14 қыркүйек аралығында Қошқарбаев көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары «ТМ-18 жылу магистралін қалпына келтіру» жобасы аясында қолға алынбақ.
Бұл жылумен қамту сенімділігін арттыруға және жаңа құрылыс нысандарын жылу энергиясына қосуға, сондай-ақ, тозығы жеткен магистральдік желілердің көлемін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.