Жалпы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры 2 жылдың ішінде 33 нысанды жекешелендіріп, 44 миллиард теңге кіріс кіргізген. «Бұл қаржы енді экономикалық әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады»,- дейді қор өкілдері.
Айбар Төлжанұлы, тілші:
Жекешелендірудің екінші толқыны жүзеге аса бастағалы ең қымбатқа сатылған компания - «Транстелеком». Компанияның 49 пайыз акциясы жекеге сатылса, 51 пайызы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамына тиесілі.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ