Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында Елбасының бірқатар нысанды аралап, жиын-терім науқанына дайындық барысымен танысуы, өңірдің ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен кездесуі жоспарлануда.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Көкшетау қаласындағы жаңадан салынған «Достық үйі» және «Теннис орталығының» ашылуына қатысуы көзделген.